KazGeoInform

Технологиялық сүйемелдеу

Минералды шикізат ресурстарын тиімді және кешенді игеру шарттарының бірі болып, геологиялық ақпараттық нақтылығы мен оған жедел түрде қол жеткізу мүмкінділігі табылады. Ақпараттық ресурстарға жедел қолжетімділік мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар үшін дұрыс және уақытылы басқару шешімдерін қабылдау мүмкіндігін береді.

ЖҚМДБ алғашқы ішкі жүйелері 1996–1997 жж. жер қойнауы мен оны пайдалану жөнінде деректерді жинақтау, сақтау және жүйелеу мақсатында құрылды. Аталған ішкі жүйелерде кен орындарының кадастрлары мен теңгерімі, лицензиялар мен келісімшарттар жөніндегі мәліметтерді жинақтау жұмысы жүргізіледі.

Интерактивті карта

«Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС және «Қазцинк» ЖШС арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Қазақстан Республикасының қатты пайдала қазбалары бойынша қолданыстағы объектілер орналасыуының интерактивті картасы» әзірленді. Мақсаты — бос және бос емес келісімшарттық аумақтар туралы мәліметтерді онлайн түрде көрсету. Интерактивті картада қатты пайдалы қазбаларды барлау және өңдеу туралы келісімшарттар бойынша берілген бөлулер көрсетіледі. Әр учаске бойынша мынанай, ақпаратты қарап шығу мүмкін: келісімшарт нөмірі, қызметтің түрі, пайдалы қазбалардың түрлері, жер қойнауын пайдаланушы жөнінде деректер мен оның реквизиттері. Сонымен қатар, «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу», «Ғарыш айлақтары құлаған аумақтар полигондары», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар».

 

Геологиялық есептердің электрондық картотекасы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің сайтында «Геологиялық есептердің электрондық картотекасының» жаңартылған нұсқасы орналастырылды.

Аталған картотекада Мемлекеттік геологиялық қордағы геологиялық есептер жөнінде мәліметтер жинақталады. Есептердің метадеректеріне (түгендеу нөмірі, авторы, есеп атауы, құрастырылған жылы, қысқаша сипаттамасы) онлайн түрде қол жеткізу мүмкін.

Веб-портал JooMix.