Біз туралы
Қаралды: 14196 рет
"Қазгеоақпарат" РГАО ЖШС

«Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – РГАО) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 376 қаулысына сәйкес құрылды.

РГАО қайта ұйымдастырылған «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің және «Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құқықтары мен міндеттері бойынша құқық мирасқоры болып табылады.

РГАО қызметінің негізгі мәні геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру болып табылады.

РГАО-ның функциялары: Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор ретінде сақтау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру және мүдделі тұлғаларға беру үшін меншіктегі, сондай-ақ мемлекеттің иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асыру.

Веб-портал JooMix.